Пайдалануға ендіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (5) алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (5) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (5) төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (5) жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (5) қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз.
- Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (36) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
|---|---|---|
Сары | Аккумулятор заряды таусылған дерлік | Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
қызыл | Аккумулятор заряды таусылған | Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау |
Температура индикаторы (41) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
|---|---|---|
сары | Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор) | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту |
қызыл | Электр құралы қызып кетті және өшеді | Электр құралын суыту |
Электр құралының күйі индикаторы (35) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
|---|---|---|
Жасыл | OK күйі | – |
Сары | Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
қызыл түспен жанып тұр | Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау |
қызыл түспен жыпылықтайды | Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі, қайта іске қосылудан қорғаныс немесе соғылу кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылды | Электр құралын өшіріп қайта қосу |
Шаң сүзгісін тазалау индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (37) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
|---|---|---|
Сары | Шаң сүзгісі бітеліп қалған | Шаң сүзгісін тазалау немесе алмастыру |