Пайдалану түрлері

Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады:

  • Қиылысу режимі (AC және F суреттерін қараңыз): өлшеу құралы алдыңғы лазер шығару саңылауынан (1) бір көлденең және бір тік лазер сызығын, ал бүйірлік лазер шығару саңылауынан бір тік лазер сызығын шығарады. Екі тік лазер сызығы да бір-біріне 90° бұрышта өтеді.
  • Тік режим (D суретін қараңыз): өлшеу құралы алдыңғы және бүйірлік лазер шығару саңылауынан (1) бір-бірден тік лазер сызығын шығарады. Екі лазер сызығы да бір-біріне 90° бұрышта өтеді.
  • Көлденең режим (E суретін қараңыз): өлшеу құралы алдыңғы лазер шығару саңылауынан (1) бір көлденең лазер сызығын шығарады.

Өлшеу құралы қосылғаннан кейін қиылысу режимінде болады. Жұмыс режимін ауыстыру үшін қосу-өшіру түймесін (3), лазер сәулелері қалаулы жұмыс режимінде шыққанша басыңыз.

Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де таңдауға болады.