Пайдалануға ендіру
- Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
- Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура өзгерістерінің әсерін тигізуге болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты температурасын сақтаңыз және жұмысты жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін өткізіңіз қараңыз Өлшеу құралының дәлдігін тексеру.
Айрықша температура немесе температура өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
- Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек қараңыз Өлшеу құралының дәлдігін тексеру.
- Өлшеу құралын тасымалдаған кезде маятникті бұғаттау ауыстырып-қосқышын
күйіне жылжытыңыз. Осылайша тербелу блогы құлыптанады, кері жағдайда ол қатты қозғалыстардан зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (3) басыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден шығыс саңылаулардан (1) лазер сызықтарын жібереді.
- Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (3) күй индикаторы (2) сөнгенше басыңыз. Тербелу блогын құлыптау үшін маятникті бұғаттау ауыстырып-қосқышын (4)
күйіне жылжытыңыз.
- Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.