Қосу/өшіру
- Алғаш рет қолданысқа енгізу алдында және жұмысты әр бастамас бұрын дәлдік тексерісін өткізіңіз қараңыз Өлшеу құралының дәлдігін тексеру және калибрлеу.
Қосу
- Өлшеу құралын қосу үшін
түймесін басыңыз. - Өлшеу құралы шығару саңылауларынан (3) өзгермелі лазер сәулесін (1) жібереді.
Нивелирлеу автоматты түрде басталады. Нивелирлеу кезінде лазер өшірулі болады және еңіс бұрышының индикаторы (8) жасыл түспен жыпылықтайды қараңыз Нивелирлеу автоматикасы.
Нивелирлеу сәтті аяқталғаннан кейін, лазер сәулесі қосылып, айналу басталады. Еңіс бұрышының индикаторы (8) тұрақты жасыл түспен жанып тұрады.
Өлшеу құралы ротациялық жұмыс режимінде ең жоғары айналу жылдамдығымен жұмыс істейді.
Барлық басқа жұмыс режимдерін тек Bosch Levelling Remote App арқылы басқаруға болады қараңыз Bosch Levelling Remote App арқылы қашықтан басқару.
Өшіру
түймесін басып тұрыңыз.- Еңіс бұрышының индикаторы (8) сөнгеннен кейін,
түймесін жіберіңіз (шамамен 1,5 секундтан кейін).
- Содан кейін өлшеу құралы өшіп қалады.
Өлшеу құралы экстремалды электростатикалық заряд босаудан (ESD) қорғалған. Өлшеу құралы электростатикалық заряд алған жағдайда (мысалы, ауа ылғалдылығы төмен ортада жанасу кезінде) автоматты түрде өшіп қалады.
- Өлшеу құралын жоғарыда сипатталғандай
түймесі арқылы өшіріп, қайта қосыңыз.
Аппараттық қате өлшеу құралының автоматты түрде өшіп қалуына әкелуі мүмкін. Өшіру алдында <Er> және <03> индикаторлары еңіс бұрышының индикаторында (8) 3 секунд кезек-кезек жыпылықтайды.
- Өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету орталығына тексертіңіз.
Өлшеу құралы төмендегі жағдайларда аккумуляторларды немесе батареяларды қорғау үшін автоматты түрде өшіп қалады:
- Өлшеу құралы өздігінен нивелирлеу аймағында 10 минуттан ұзақ орналасқан.
- Өлшеу құралын жаңадан орналастырып, қайта қосыңыз.
- Максималды рұқсат етілген жұмыс температурасынан асырылды (барлық индикаторлар өшіру алдында 3 рет жыпылықтайды).
- Өлшеу құралын қайта қоспас бұрын суытыңыз.