Тік күйдегі нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін берік бетте биіктігі 10 м қабырғадан бос арақашықтық қажет.

- Қабырғаға тіктеуіш бауды бекітіңіз.
- Өлшеу құралын тік күйде берік, тегіс бетке қойыңыз.
- Өлшеу құралын қосып, нивелирлеу орындалғанша күтіңіз.
- Өлшеу құралын лазер сәулесі тіктеуіш баумен жоғарғы ұшында дәл ортада жанасатындай етіп туралаңыз.
- Лазер сәулесі мен тіктеуіш баудың астыңғы ұшы арасындағы d айырмашылығы өлшеу құралының тік сызықтан ауытқуын көрсетеді.
Биіктігі 10 м құрайтын өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды ауытқу ±1 мм құрайды. Сондықтан d айырмашылығы ең көбі 1 мм құрауы керек.