Демалыс режимі

Bosch Levelling Remote App арқылы өлшеу құралын тыныштық режиміне ауыстыруға болады. Соққы туралы ескерту функциясы іске қосылып тұрады, барлық реттеулер жадқа сақталады.

Тыныштық режимі іске қосылғанда, еңіс бұрышының индикаторы (8), соққы туралы ескерту функциясының индикаторы (13) және заряд деңгейінің индикаторы (9) 5 секунд сайын бір рет жыпылықтайды.

Қосылған смартфон қол жеткізу аясында орналасқан кезде, Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) көк түспен тұрақты жанып тұрады. Байланыс ажыратылса, Bluetooth® арқылы байланыс индикаторы (15) жыпылықтайды. Бұл жағдайда тыныштық режимін өшіруге де болады. Ол үшін өлшеу құралындағы  түймесін қысқаша басыңыз.

Өлшеу құралының қалпы тыныштық режимінде өзгертілсе, тыныштық режимі аяқталғаннан кейін, соққы туралы ескерту функциясы іске қосылады.