Еңістерді бақылау

  1. Өлшеу құралын көлденең күйде штативке (26) монтаждаңыз.
  2. Ротациялық режимді таңдаңыз.
  3. Штативті өлшеу құралымен бірге Y осі тексерілетін еңіспен бір сызықта тураланатындай етіп орнатыңыз.
  4. Мақсатты еңісті Y осінің еңісі ретінде реттеп шығыңыз қараңыз Көлденең күйдегі еңіс режимі.
  5. Лазер қабылдағышын (24) ұстағышпен өлшегіш төрткілдешке (25) бекітіңіз.
  6. Өлшегіш төрткілдешті еңкейтілген жазықтықтың табанына орнатыңыз.
  7. Өлшегіш төрткілдештегі лазер қабылдағышын, өлшеу құралының айнымалы лазер сәулесі (1) ортаңғы ретінде көрсетілетіндей, биіктігі бойынша туралаңыз.
  8. Содан кейін өлшегіш төрткілдешті лазер қабылдағышымен бірге еңкейтілген жазықтықтағы әртүрлі тексеру орындарына бірінен кейін бірі орнатыңыз.
Лазер қабылдағышының өлшегіш төрткілдештегі позициясы өзгеріссіз қалғанына көз жеткізіңіз.

Барлық тексеру орындарындағы лазер сәулесі ортаңғы ретінде көрсетілсе, бұл жазықтықтың еңісі дұрыс екендігін білдіреді.