Қалыптарды орнату
- Өлшеу құралын көлденең күйде штативке (26) монтаждап, штативті қалып аймағынан тыс орнатыңыз.
- Ротациялық режимді таңдаңыз.
- Лазер қабылдағышын (24) ұстағышпен өлшегіш төрткілдешке (25) бекітіңіз.
- Өлшегіш төрткілдешті қалыпқа арналған анықтамалық нүктеге орнатыңыз.
- Өлшегіш төрткілдештегі лазер қабылдағышын, өлшеу құралының айнымалы лазер сәулесі (1) ортаңғы ретінде көрсетілетіндей, биіктігі бойынша туралаңыз.
- Содан кейін өлшегіш төрткілдешті лазер қабылдағышымен бірге қалыптағы әртүрлі тексеру орындарына бірінен кейін бірі орнатыңыз.

Лазер қабылдағышының өлшегіш төрткілдештегі позициясы өзгеріссіз қалғанына көз жеткізіңіз.
- Қалыптың биіктігін лазер сәулесі барлық тексеру орындарында ортаңғы ретінде көрсетілгенше түзетіп тұрыңыз.