Қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Ара дискісінің бекіткішін жұмсақ қылшақпен ақырындап тазалаңыз. Ол үшін ара дискісін электр құралынан шығарып алыңыз. Ара дискісінің бекіткішін тиісті майлағыш заттарды пайдалану арқылы ақаусыз күйде сақтаңыз.

Электр құралының қатты ластануы жұмыс ақаулықтарына алып келуі мүмкін. Сол үшін қатты шаң жасалатын материалдарды төменнен баспен араламаңыз.

Көмір қылшақтарды алмастыру (H суретін қараңыз)

Көмір қылшақтардың ұзындығын әр 2–3 ай сайын тексеріп, қажет болса, көмір қылшақтарды алмастырыңыз.

Ешқашан тек бір көмір қылшақты алмастырмаңыз!

Нұсқау: тек Bosch компаниясынан сатып алынған өніміңізге арналған көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.